Үштікке қатысу

2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасы ресми түрде ЕҚЫҰ төрағалары Үштігінің құрамына кірді. ЕҚЫҰ-ның Рәсімдер ережелеріне сәйкес Үштікті Ұйымның қазіргі, алдыңғы және кейінгі төрағалары құрайды. Биылғы жылы Үштікке Грекия, Финляндия және Қазақстан қатысады.

Үштік іс-қимылдар мен ортамерзімдік жоспарлауды үйлестірудің маңызды құралы болып табылады. Ол Ұйым қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз ететін және Қазіргі төрағаға кеңес беретін орган болып табылады.

Мұнымен қатар, Қазақстан Ұйымға қатысушы 56 елден басқа құрамына Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко және Тунис кіретін ЕҚЫҰ-ның Жерортатеңіздік әріптес елдермен ынтымақтастық жөніндегі байланыстары тобына төрағалық етуге кірісті.

Жерортатеңіздік әріптестермен өзара іс-қимыл - ЕҚЫҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және де өз арасындағы тиімді мүдделер салаларын, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қауіп-қатерлерге қарсы тұру әрекеттерін одан әрі үйлестіру мақсатындағы мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған.