Ү.ж. 23-24 маусымында ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың Түркіменстанға сапары болды
Ү.ж. 23-24 маусымында ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Түркіменстанға сапары болды.
Ашхабаттағы сапардың бірінші күнінде қазақстандық сыртқы саяси ведомствоның басшысы президент Гурбангулы Бердімұхаммедовпен, Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары-сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен және Меджилис төрағасы (Парламент) Акджа Нұрбердыевамен кездесті.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовпен кездесуінде екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелері және халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселесін меңзей отырып, әңгімелесуші тараптар барлық ынтымақтастық кешеніндегі өсіп келе жатқан динамиканы атады. Және транзиттік-көлік және энергетикалық салалардағы тиімді ынтымақтастық бағыттары да назардан тыс қалмады.
Сонымен қатар, аймақтық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды - әңгімелесуші тараптар Ауғанстан мен Қырғызстандағы жағдайларды талқылады.
Ү.ж. 16-17 шілде аралығында Алматы қаласында өтетін ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері Кеңесінің бейресми отырысына өзінің түркімендік әріптесі Р. Мередовтың қатысуын айта отырып, Қ. Саудабаев Г. Бердімұхаммедовты ЕҚЫҰ төрағасы қызметіндегі Қазақстанның барлық бастамаларына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы ретінде Қ. Саудабаев президент Г. Бердімұхаммедовқа Ұйымның Саммитін өткізу жөніндегі Қазақстанның бастамасына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын айтып, Түркіменстан үкіметі мен ЕҚЫҰ Орталығының арасындағы әріптестік қатынасты жоғары бағалады.
Кездесу барысында түркімен көшбасшысы президент Н.Назарбаевтың шақыруымен ағымдағы жылы Қазақстанға мемлекеттік сапарымен келетіндігін растады.
Кездесу соңында «бұл кездесу Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін тағы да қуаттады»,- деді Қ. Саудабаев журналистерге.
Түркіменстан вице-премьері-сыртқы істер министрі Р.Мередовпен кездесуі барысында әңгімелесуші тараптар Ауғанстан мен Қырғызстан Республикасындағы жағдайды, экологиялық қауіпсіздік мәселелерін талқыға салды.
Түркімендік министр президент Н.Назарбаевтың ЕҚЫҰ қызметін күшейту жөніндегі бастамаларын, әсіресе ағымдағы жылы Ұйымның Саммитін өткізу жөніндегі бастамасын Ашхабад қолдайтындығын жеткізді. Аталып айтылғындай, осы жылы ЕҚЫҰ күнтізбесі мерейтойлық күндердің көптігімен ерекшеленіп отыр, бірақ сол кездесуге септігін тигізіп тұрған мерейтойлық шаралар Ұйымды реформалаудың өзекті мәселелерін талқылауға және оның жаңа сындарға бейімделуіне себепші болмақ.
Р.Мередовтың айтуынша, ЕҚЫҰ қызметінің барлық үш өлшемінде ортақ баланс орнату Қазақстанның қолынан келді, ол Түркіменстан мен Ашхабадтағы ЕҚЫҰ Орталығының арасындағы жан-жақты қатынастарымен айшықталуда.
Қ.Саудабаев Орталық Азия мен Ауғанстан арасындағы шекараны басқару деңгейін жақсартуда, шекарааралық ынтымақтастықты дамытуда, Ауғанстанның ұлттық шекара және полиция күштерін нығайтуда ЕҚЫҰ мен Түркіменстанның арасындағы белсенді ынтымақтастығының жалғасуы өте маңызды деп атап өтті.
Парламентаралық ынтымақтастықтың даму мәселелері Ұйымның іс басындағы Төрағасы Қанат Саудабаев пен Түркіменстанның Меджіліс Төрағасы Акджа Нұрбердиеваның кездесуінде талқыланды.
Сапарының бірінші күнінің соңында Қ.Саудабаев Ашхабадтағы ЕҚЫҰ Орталығына барды.
Отандық сыртқысаяси ведомствоның басшысы сапарының екінші күнінде Орталық Азия мен Каспийлік бассейн өңіріндегі қарусыздану мәселесі жөніндегі халықаралық конференциясына қатысты. Оның барысында негізгі баяндаушылардың бірі болып сөз сөйледі.
Қ.Саудабаев халықаралық қауымдастықты Орталық Азия және Каспий бассейні аймағындағы қуырттылықты азайтуға бағытталған шараларды күшейтуге шақырды. Оның айтуынша, жақында Қырғызстан Республикасында қан төгілген қақтығыстар қарудың қажетті бақылауда болмауының салдарынан болған. «Бұл жағдайлар қару қорын азайтуға арналған нақты іс-шараларды қабылдау қажеттігін, қару-жарақтың қайта пайда болуына жол бермеу және жалпы аймақтағы қауіп пен келеңсіздікті азайту қажеттігін аңғартады»,- деді ол.
Осы жылы қарусыздану процесі ерекше мәнге ие болды дей отырып, әлемдік көшбасшыларының Жаһандық саммиттегі ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұстанымдарының ортақтығы, Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімнің Шолу конференциясының үміттендіретін қорытындысы, Ресей мен АҚШ-тың стратегиялық басқыншылық қаруды одан әрі қысқарту мен шектеу шаралары жөніндегі Келісімге қол қоюы әскери және стратегиялық салалардағы қарым-қатынасты жаңа сападағы деңгейге шығаруға негіз болады және бүкіл халықаралық қауымдастықтың ғаламдық қарусыздану процесінің тұралап қалуын жеңуге шешімді қадамдар жасауға дайын екендігін көрсетті, деді Қ.Саудабаев.
«Біздің аймақ, бай табиғи ресурстарды иелене отырып, маңызды геостратегиялық аймақта орналаса тұра, қазіргі әлемдік саясаттың ең маңызды белдеуі болып табылады»,- деп айтты ЕҚЫҰ төрағасы. «Біздің кең аймақтағы тұрақтылықтан ғаламдық ауқымдағы тұрақтылық құралады».
Сонымен қоса ол «Орталық Азия мемлекеттері жауапкершілікті саясатты көрсетіп, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайту шарасында айтарлықтай үлес қосып отыр», деді.
Форум аясында Қ.Саудабаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Манучар Моттакимен және ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрен де Бришабомен кездесті.
Ирандық әріптесімен келіссөздер барысында қазақстандық министр экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылай отырып, жақында Амірабадтағы астық терминалының іске қосылуы осы саладағы жемісті әріптестіктің куәсі деп атады.
Сонымен қатар, екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары каспий жағалауындағы темір жолды іске қосу мәселелерін талқылады. Қ.Саудабаев Қазақстан өзіне тиісті аймақтың құрылысын тәуелсіздігіміздің 20 жылдығының қарсаңында аяқтайды деп хабарлады.
Сондай-ақ, Иранның ядролық бағдарламасының шеңберіндегі қарама-қайшылықтарды реттеудегі халықаралық күштерге қатысты мәселелер қарачтырылды.
ЕҚЫҰ бас хатшысы М.П. де Бришамбомен кездесу барысында Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ағымдағы күн тәртібі жайлы әңгіме болды, атап айтқанда жақында өтетін Ұйымның төзімділік пен кемістпеу жөніндегі жоғары деңгейлі конференцияға дайындық жөнінде және Алматы қаласында өтетін ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми Саммитін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
29 June 2010, 9:48


