27 қаңтарда Брюссельде ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ҚР Мемлекеттік-хатшысы-Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев НАТО Бас хатшысы А.Фог Расмуссенмен кездесті
27 қаңтарда Брюссельде ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ҚР Мемлекеттік-хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен НАТО арасындағы өзараықпалдастыққа қанағаттанарлық сезіммен тоқтала отырып, өткен аптада аяқталған солтүстік атлант Альянсы мен еліміз арасындағы Жеке серіктестік жоспарының (ЖСЖ) келесі кезеңі жөніндегі келіссөздер жөнінде пікір алмасты. Аталған құжат екіжақты серіктестік үшін демеу болып саналады, және тараптар оның толық жүзеге асырылуы туралы айтты.
А.Ф.Расмуссен Қазақстанды НАТО-ның Орталық Азиядағы бұлақты серіктесі деп атап, оның сөзінде куәгерлігі ретінде өткен жылы Астанада еуро-атлантикалық Кеңесінің қауіпсіздік форумы мен ерекше елеу бағыты бойынша бірлескен жаттығулар өткізгені болады.
Келіссөздердің басты тақырыптырдың бірі Орталық Азия аймағындағы ахуалы болды, атап айтқанда тарптар Ауғанстан ахуалы мен ЕҚЫҰ – НАТО форматында бұл елдің тұрақтылық жағдайы арқылы өзара жігерлі перпективалары туралы пікірлермен алмасты.
А.Фог Расмуссен ауған мәселесі Альянсқа басты басымдық болып әлі де қалады, жәнеде НАТО Қазақстанға бұл елде Халықаралық күштерді қолдайтындығына, әсіресе НАТО-ға және операцияның жетістіктеріне үшін қажетті іс, жүктерді транзиттеу жөнінде шешім қабылдағанына алғыс білдіретіндігін атап көрсетті.
Халықаралық қоғамдастықтың жалпы күштеріне салмақты салым сала отырып, біздің еліміз Ауғанстанға гуманитарлық саланың жәрдем берушілікте белсенді күш салып отыратындығын атап көрсетті.
НАТО-ның ЕҚЫҰ-мен өзара әрекеттесуіне сүйенсек, Бас хатшы А.Фог Расмуссен Қазақстанды Ұйымның төрағалығымен құттықтады да, Альянстің елімізбен ең тығыз ынтымақтастықта болуын құштарланады деп хабарлады. Осыған қоса, Қазақстандық төрағалығы кезеңінде екі ұйымның өзара қатынасы одан да әрі нығайтылуына сенімділік білдірді.
Тараптар ауғандық мәселені әскери жолмен ғана шешуі болмайды деген біріңғай пікірлерін белгілеп, гуманитарлық бағытта күш үдетуі қажеттілігін атап көрсетті. Осыған байланысты, әңгімелесушілер аталған мәселені шешу барысында ЕҚЫҰ-ның әлеуетін және оның жұмыс бабында тәжірибе жабдықтарын атап көрсетті.
Кездесу барысында ЕҚЫҰ Саммиті өткізуі туралы Елбасымыздың идеясы актуалды екендігі және бұл Саммиттің басты мәселесі ретінде ауған тақырыбы да болуы мүмкін деп айтыл кетті.
Келіссөздер аяғында Қ.Саудабаев Альянс басшысына шақыру хатын тапсыра отырып Қазақстанға келіп кетуді шақырды, бұл хат ризашылықпен қабылданды.
27 January 2010, 5:00

